17 сәуірден бері Алтай ауданындағы полигонда қоқыс жанып жатыр. Айналаны басқан көк түтін желмен аудан орталығына дейін жетуде.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ тілсіз жауды ауыздықтау үшін жергілікті әкімдік су тасығыш техникалары бар мердігерлерді тартты.
«Бүгінгі таңда өрттің беті қайтпай жатыр. Себебі өрт ошағы тереңде. Жалынның шыққанына 1 ай болды», – дейді аудандық ТЖБ бастығының орынбасары Азамат Әбдірахманов.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта түтіндеген полигон аумағы 2 гектарға жеткен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да әлеуметтік нысандар 1 тамызға дейін көмірмен толық қамтылатындығын хабарлаған едік .
Semeynews.kz