ОқиғаСемейТОП

Семейде балалар жылына арналған іс-шаралар өтуде

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі балаларға арналған 3000-жуық әр түрлі деңгейдегі шараларды жоспарлап оты, деп хабарлайды Semeynews.kz

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, денсаулықтарын нығайтуға бағытталған іс шаралар жоспары бекітілген.

Семейде 48622 бала бар. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі балаларға арналған 3000-жуық әр түрлі деңгейдегі шараларды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина АКҚ- өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

– Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 285 шара өтті. Оқушылар мұражайлар мен театрларға тегін барып, республикалық байқауларға қатыса алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестивальдер өтеді.  Үйде оқитын балалардың бос уақытын ұйымдастыруға волонтерлік жасақтарды тарту бойынша “Мен сенің досыңмын” өңірлік акциясы өтеді. Сондай – ақ, жас блогерлер мен журналистер, дизайнерлер, ақындар, әншілер, еріктілер, жол жүру инспекторлары арасында өңірлік конкурстар өткізіп, әлеуметтік желілерде жариялаймыз, – деді Назерке Аққожина.

Бұл жыл конкурстар мен фестивальдармен шектелмейді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарланған.  Жақында Семей қаласының Мәдениет саласының қызметкерлері жедел отаны қажет ететін кішкентай семейлік балаға көмектесті. Сондай-ақ, ата-аналармен және педагогтармен іс-шаралар өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button