ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол апатынан алты адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы болып, алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 мамырда сағат 11:20 шамасында Омск-Майқапшағай республикалық тас жолында, Жарма ауданы Шар қаласы тұсында орын алды.

“Ssang Yong Actyon маркалы көліктің 35 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы бағытана бара жатып, рөлді басқара алмай жолдың қарсы бағытына шығып, қарсы келе жатқан ВАЗ-21014 маркалы көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған түрлі дене жарақаттарынан ВАЗ көлігінің 33 жастағы жүргізушісі және оның бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ssang Yong Actyon кқлігінің жүргізушісі және оның кәмелетке толмаған үш жолаушысытүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button