Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Ғаббасов», «Орталық», «35 квартал» қазандықтарына барып, жылыту маусымына дайындығының барысы мен ыстық су беру бойынша жұмыстарды тексерді.
«Өкінішке орай, жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен Семей қаласының үйлеріне ыстық су беруді уақытша тоқтатуға тура келді. Жылу желілерінің дайын болуына қарай біз алдағы уақытта ыстық сумен қамтамасыз ететін боламыз. Кейбір қолайсыздықтар туындағыны рас. Дегенмен, біз сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізгуіміз керек. Әйтпесе, қыста жылуды да, ыстық суды да ала алмаймыз. Туындаған жағдайға біраз шыдамдылық танытуымыз қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мердігер ұйымдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырдым. Біз жоспарлаған жұмыс өз жемісін береді деген сенімдеміз», – деді Бақытжан Байахметов.
Semeynews.kz