ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне бір жарым миллион теңгеден алады

Семейде ҰОС ардагерлері бір жарым миллион теңгеден біржолғы көмек алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ақпараты бойынша, ҰОС тоғыз мүгедегі мен ардагері бір жарым миллион теңге көлемінде біржолғы көмек алды. Ленинград блокадасы кезінде қаланың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған екі семейлікке 100 000 теңге көлемінде көмек төленді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кәмелеттік жасқа толмай концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында тұтқында болған тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде көмек қарастырылған.

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектердің немесе Ұлы Отан со,ғысының мүгедегіне теңестірілген тұлғалардың, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерлерінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған партизандардың, астыртындардың, жалпы аурудың, өндірістік жарақат және басқа себептер (құқыққа қайшылардан басқалары) нәтижесі бойынша мүгедек деп танылғандардың, екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 000 теңге көлемінде біржолғы көмек алды. Осы санаттағы тұлғалардың саны 102.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 41 қала тұрғыны 100 000 теңгеден көмек алды.

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 1680 семейлік 50 000 теңге көлемінде біржолғы көмек алды.

 Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button