Қала тарихыҚоғамСемейТОП

Семейде Ұлы Отан соғысы жылдарында бірігей сүт пастасы өндірілді

Семейде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаладағы госпитальдарда жатқан жаралы жауынгерлерді емдеуге арналған бірегей сүт-қышқылды паста өндірісі жолға қойылды.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған хатта, 1942 жылғы 11 ақпанда Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының ұйытқы зертханасының меңгерушісі, Ленинградтан Қорған қаласына эвакуацияланған ұйытқы зертханасы іріңді жараларды «НИМИ» сүт-қышқылды пастасымен емдеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарлаған. Препарат ацидофиль таяқшасының таза дақылдарынан дайындалды. Паста Ленинград және Қорған қалаларындағы ауруханаларда кеңінен пайдаланылған. Паста стерильді дәкеге қалың қабатпен жағылды және содан кейін жараға танылды. Осы емнің нәтижесінде қабыну процессі тоқтап, жара түйіршікті тінмен толықты және жараны танғанда құрғамады, сонымен қатар дәке жарадан оңай босатылды.

Мұрғаттық құжаттарда осындай бірегей пастаның Семей қаласында да өндірілгені көрсетілген. Пастаны Семей облысының сүт-сынақ зертханасында өндірген. Жекелей алғанда, оны қаладағы ең ірі № 3593 эвакуациялық госпитальінде науқастарды емдеу үшін пайдаланған.

«Семей облыстық денсаулық сақтау бөлімінің ұсынысы бойынша эвакогоспитальмен сүт-қышқыл пастасын пайдалана отырып жараларды емдеу бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 26 адам ем қабылдауда. Емнің қолдануды бастапқы көрсеткіші жақсы нәтиже берді. Науқастарды одан ары терең бақылау жүргізілуде», – деп жазды госпитальдің медбөлімінің бастығы, дәрігер Ломшаков.

Хатта Семейде өндірілген паста іріңді жараны емдеуде жақсы емдік қасиет беретіні айтылған. Ол кәдімгі қарапайым сүттен жасалды және оны өндіру үшін тапшы дәрі-дәрмектер қажет болмады. Сонымен қатар бұл пастаны таза бөлмесі бар, автоклав, термостат және микроскоп, сондай-ақ сүт ісі бойынша маманы бар кез-келген жерде дайындау мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар, зертхана меңгерушісі аталған паста күйік және үсік жараларын емдеуге, сондай-ақ ацидофилин гинекологияда асқыну ауруларын емдеуге оң әсер беретінін жазды. Сонымен қатар сарапшы ацидофилин жаз мезгілінде диареяны, дизентерияны және іш сүзегін емдеуде үлкен рөл атқаратынын еске салды.

Сонымен қатар мұрағаттық хатта, паста мыңнан астам жауынгерді жылдам аяқтарына тұрғызуға көмектесетіні, сондықтан пастаны Семей облысындағы госпитальдарда, ветемханаларда қолдану жұмыстарын кеңейту қажеттілігі баса айтылған. Сонымен қатар, пастаны себу кампаниясы уақытында жануарлардың іріңді жараларын емдеуге қолдануға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button