Абай облысыҚала тарихыҚоғамСемейТОП

Соғыс жылдарында Семейде жеті эвакогоспиталь орналасты

Семейде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациялық госпитальдарға жақсы, әрі бейімделген ғимараттар бөлінді. Осы жерден жараланған майдангерлер емделу үшін басқа, партиялық курс, физиоинститут, аймақтық аурухана, ауылшаруашылық техникумы, ет комбинатының кәсіптік техникалық училищесі ғимараттарында, Киров атындағы клубта және Березовский демалыс үйінде орналасқан госпитальдарға жіберілді.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында Семей облысы аумағында орналасқан эвакогоспитальдар туралы айтып беретін құжаттар мен фотосуреттер сақталған. «Эвакогоспитальдар бұрынғы Семей облысында орналасқан. Олардың негізгі бөлігі қалада болды. Егер педагогикалық училище және қаржы техникумында № 3592 сұрыптау госпиталі орналасты», –  деп тоқталды Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының архивисті Наталья Яковлева. – 600 төсек-орынға арналған ең ірі госпитальдің бірі, 3593 госпиталі үш қабатты бұрынғы мал дәрігерлік институтының ғимаратына орналастырылды. Сол уақытта ғимарат партияның жоғарғы оқу орнының балансында болды. 1941 жылдың желтоқсанында жараланғандардың саны 700-ден асты. 1942 жылдың ақпанында төсек саны тағы 100-ге көбейтілді. Ғимараттың жертөлесінде асхана, шаруашылық канцелярия, дүңгіршек, азық-түлік, дәріхана және зат қоймасы орналасты. Сонымен бірге бұл госпиталь жабдықталғандардың бірі болды. Ғимаратта физио бөлмесі, терапевтік бөлімше, зертхана, дәріхана, тіс емдейтін және рентген бөлмесі болды, сонымен қатар клубтық және кітапхана орын-жайы да қарастырылған.

«Бұл жерге ауыр жараланғандар түсті. Көлік аз болды, тек жүк көліктері болды, ал санпоезд қайтадан жараланғандары әкелуге баруы үшін жараланғандарды жылдам түсіру қажет болды, сондықтан демалыссыз, тәулік бойы түсірілді. Госпитальдағы емдеу, күтім және тамақтандыру өте жақсы болды. Дәрі-дәрмек,таңғыш материалдар жеткілікті болды. Спирт шектеусіз мөлшерде болды, бәрі мұқият өңделді. Барлық госпитальдар өте жылы болды. Жақсы күтімнің, емдеудің арқасында Семейдегі госпитальдарда өлім-жітім аз болды. Мүгедек болып шыққандарды, осы лауазымда арнайы жұмыс істейтін адамдар үйлеріне дейін жеткізіп салатын. Олар құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық жұмысты өздері атқарды, содан кейін қамқорлығына алған адамды туған ошағына дейін қауқаштады», – деп айтып өтті 2014 жылы медбике А.Горохова, естеліктері қалалық мұрағаттың құжаттар жинағында жарияланды.

«Сіздерге хабарлаймын, қымбатты жерлестерім, жолдастарым, мен госпитальда жатырмын, сауығып келем, жарам жылдам жазылып келеді. Бізді өте жақсы емдеуде, барлық жерде таза, жылы және жайлы.Бізге бар жағынан қамқорлық жасалуда: ұйымдар қамқорлықтарына алды, жақсы, мәдениетті түрде уақыт өткіземіз, радио тыңдаймыз, газет оқимыз және тағы басқалары. Енді Сіздерге өзім туралы бірнеше сөз айтқым келеді.Майданда болып, мен немістердің қауқарсыздан біздің ауылдарды өртеп, балаларымызды, қарттарымызды, әйелдеріміз бен аналарымызды өлтіргенін көрдім. Осының бәрі үшін кек алғым келеді, жазылып шығайын содан кейін қайтадан осы жауыздардың, фашистік қаныпезерлердің, адамзат ұрпағы қарғысқа ұшыраған иродтардың көздерін құртуға қайта аттанамын. Көктем жақындап қалды, баршаңызды бар күш-жігерлеріңізді салып майданға көмектесуге, біздің ынтымақтастығымыз майданға және колхозға көмектесу үшін көктемге жақсы дайындалуға шақырамын. Біздің барлық егістік алқаптарымыз себілсін, нан, сүт, ет, жүн көп болсын, біздің Қызыл Армия және жұмысшыларымыз шикізат және нан тапшылығын көрмесін. Сау болыңыздар. Осы мекенжай бойынша жазыңыздар: Семей қаласы, п/ж 76, Иван Павлович Корченцов.»

Жаралы жауынгер Корченцев Иван Павловичтің жерлестеріне, Краснодар өлкесі, Труков ауданы, Тернов ауылының басқарма мүшелеріне жазған хатынан.

1942 жылғы 23 қаңтар.

Келеңсіз жағдайларда орын алып тұрды. Бұл туралы № 3592 госпиталі әскери комиссарының Семей облыстық әскери комиссариаттың саяси бөлім бастығына жазған саяси баянжазбасында көрсетілген.

Сонымен қатар аморальды көріністер орын алды, мысалға, ағымдағы жылдың 11 наурызынан 12 наурызына қарағанда науқас Қызыл Армия жауынгерлері Комаров, Синичкин және саяси жетекшінің орынбасары Егоров 0,5 литр мөлшерінде арақ сатып алды. Мас күйлерінде жанжал шығарды. Осы жағдайға ерекше назар аударылып, 12 наурызда партия және комсомол жиналысы шақырылды, күн тәртібінде Егоровтың және комсомол Комаровтың комунистке тән емес қылықтары қаралды. Егоровтың іс-әрекетін талқылап, жиналыс мүшелері және партияға кандидаттар жолдас Егоровқа қатаң сөгіс шығарды, комсомолдық жиын комсомол Комаровқа қатысты дәл осындай шешім шығарды.Қызыл Армия жауынгері Синичкинге келетін болсақ, оған 10 тәулік гарнизондық гауптвахтаға қамау туралы тәртіптің жаза қолданылды.

Величко Ольга Илларионовна 1942 жылы мектептегі сабақтан кейін екі апталық санитарлық қызметкерлерді дайындауға барды.

«Санитарлық пойыз келгенде біз форма кидік және бізді машиналарға отырғызып вокзалға немесе әскери алаңға апарды. Біз жеті адам болдық, ал жаралыларды қысы, жазы әкеліп жатты. Дружина командирі Шура Жеребцова болды.

… 7 сыныпты аяқтағаннан кейін мен медбике курсын аяқтадым және науқастар жатқан бөлімшеде жұмыс істедім», – еске алды Ольга Илларионовна.

Үшінші қабатта жатқан науқастар рентген жасау үшін бірінші қабатқа зембіл арқылы тасымалданды. Екінші қабатта жаралылар ем-шара қабылдады, содан кейін үшінші қабаттағы өз палаталарына барды. Жазда олар балконға шығып тұрды.

«Жұмыс көп болды, бірақ ешкім шағымданбады, жеке өзіме дәрменсіз науқастарға күтім жасау, олардың туғандарына хат жазу, гитарада ойнау, ән айту ұнайтын.Укол салыпта, науқастармен сөйлесіпте және газет оқыпта үлгеретінбіз. Соңғы науқастарды біз 1945 жылғы 10 ақпанда қабылдадық», – деп тоқталды Ольга Илларионовна.

№ 2449 эвакогоспиталінде жас медбике өз тағдырын кездестірді. Ол Величко Николай Ивановичпен танысты, сол уақытта ол 22 жаста болды. Ольга Илларионовна Николай Ивановичке тұрмысқа шықты.

Соғыстан кейінгі жылдары жұбайы Семей облыстық әскери комиссариатында, шұлық фабрикасында – партия ұйымының хатшысы, «Алтайалтын» тау-кен өндіру комбинатында 1-бөлімше бастығы болып жұмыс істеді.

Ольга Илларионовна медбике кәсібіне адал болып қалды және 1982 жылы құрмет демалысына шықты.

Госпитальде тәртіп өте қатаң болды. Тазалықтың жоқтығы үшін және палатада шылым шеккенде кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, ал медициналық персонал жұмыстан шығарылды. Басшылықтың бұйрығы қатар алдында немесе палатада оқылды. Зооветинститут ғимаратындағы госпитальда 1941 жылдың қарашасында бірден сегіз адам жұмыстан шығарылды. Семейдегі эвакогоспитальдарға тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер жолданды. Госпитальдарға қамқорлық ұйымдары көп көмектесті, оларды жабдықтармен, жиһазбен, инвентарьлармен, төсек-орын жабдықтарымен жабдықтады. Комсомолдар мен пионерлер науқастарға концерттік бағдарламалар қойды, көркем әдебиеттер жинады, науқастарды серуендеуде демеді, төсек тартып жатқан науқастардың жанында кезекшілік атқарды.

Фото: ШҚО Қазіргі заман тархиын құжаттандыру орталығы – суретте дәрігерлер және госпиталь науқастары және № 3593 госпиталі орналасқан бұрынғы мал дәрігерлік институтының ғимараты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button