Бүгінгі күн Семей халқы үшін ерекше күн
Мемлекет басшысы үш жаңа облыстың құрылуы туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Олардың арасында орталығы Семей қаласы болған Абай облысыда бар.
«Бүгінгі Жолдау саяси сипатта. Оны жаңа Қазақстан құрудың жаңа нүктесі болып табылатын манифестің бір түрі деуге болады. Мемлекет басшысының 16 наурыздағы Жолдауы қоғамдағы саяси реформаға, елімізді саяси түрлендіруге бағытталған. Бұл жерде мемлекет басшысы сайлау заңнамасына, жаңа партиялар құруға, әрекет етуші партиялардың жұмысын реформалауға басты назар аударды. Қоғамдық бірлестіктерге және олардың азаматтық қоғамдағы рөліне ерекше назар бөлінді. Олардың барлығы біріктіріледі және ұлттық құрылтай құру есебінен бекиді», – деді Семей қ. Достық үйінің басшысы Надежда Шарова.
Достық үйінің директоры жаңа облыстың құрылуы бойынша өз пікірімен бөлісті.
«Мені, Семей қаласының тұрғыны ретінде, орталығы Семей қаласы болатын тарихи Абай облысын құру қуантады. Бұл қала мен облыстың дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Президенттің әр тапсырмасының соңында президент және оның командасының ғана емес, сонымен бірге еліміздің әрбір азаматына лайық ауқымды жұмыс тұр. Бірлік пен келісімде ғана бүгінгі қиындықтарды жеңуге болады. Тек бірлік пен келісн отырып алға қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік туады», – деп түйіндеді Надежда Шарова.
Semeynews.kz