Семейде Абай балаларымен ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қаулыға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы құрылды.
Қалалықтар үшін бұл оқиға соңғы бірнеше жылдағы ең маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Осы орайда қалалық зиялы қауым өкілдері Абай ұлдарымен ескерткішіне гүл шоғын қойды.
«Бұл біздің халқымыздың, еліміздің тарихындағы маңызды күн. Біз шексіз қуаныштымыз. Бұл маңызды оқиға, ұзақ жылдар бойы еліміздің тарихында сақталады. Бізде өте мықты және бәсеке қабілетті жастар бар, олар мемлекетіміздің сарабдал саясатын жалғастыра алады деген сенімдемін. Жаңа Қазақстанның болашағы жастардың қолында», – деді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.
Semeynews.kz