Республиканың барлық аймақтарында мерекелік шаралар өтуде. Семей қаласында айтулы мереке қаланың орталық алаңында атап өтілде. Бұл жерде Достық үйіндегі этно-мәдени орталықтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі, кітаптар көрмесі қойылды, ойын алаңы және оқу залдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жиналғандарға мерекелік концерттік бағдарлама қойылды.
Қала тұрғындарын Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов құттықтады.
– Құрметті семейліктер! Бүгін біз бірге Жаңа Қазақстан құрамыз! Осындай тарихи белестер, жаңа шынайылықтар талап ететін өзгерістерсіз мүмкін емес. Мемлекет басшысының ел Конституциясына өзгерістер енгізуді жалпыхалықтық референдумда қарау туралы ұсынысы жан-жақты демократияландыру бағыттарын және Жаңа Қазақстан құруды нығайтады.
Сіздерді әрбір қазақстандық үшін айтулы мерекемен құттықтаймын!
Зор денсаулық, береке, бақыт, әр шаңырақта, әр отбасында бейбітшілік пен келісім болсын!, – деп құттықтады жиналғандарды шаһар басшысы Бақытжан Байахметов.
Бұл күні барлық жерде құттықтаулар айтылды. Қала тұрғындарын Шығыс Қазақстан облыстық татарлар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилова құттықтады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің қоғамның негізгі мақсаты. Президент биылғы жылды балалар жылы деп жариялады. Міне сондықтан бүгінгі іс-шара «Жер шарының барлық балалары бірге қол ұстасу керек» деген ұранымен өтті. Баршаңызды шын жүректен мерекемен құттықтаймын. Бұл күн – достықтың, ынтымақ пен жасампаздықтың белгісі. Қазақстан халқының Бірлігі күні – мейірімділік, бейбітшілік, еңбек мерекесі. Біз бірлігімізбен қуаттымыз. Сүйікті Отанымыз бен өсіп келе жатқан жас ұрпаққа бақыт пен гүлдену тілеймін, – деп құттықтады Камилия Исмаилова.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Semeynews.kz