ШҚОҚоғамОқиғаТОП

ШҚО-да жыл басынан бастап 50-ге жуық көлік өртенді

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда 50-ге жуық көлік өрті тіркелді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылдың басынан бастап облыста 47 көлік өрті тіркелген. Олардың ішінде 7 жүк көлігі және 40 жеңіл автокөлік.

“Соңғы көлік өрті 29 сәуірде облыс орталығында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында орын алды. Тұрақта тұрған кезінде 2005 жылы шығарылған Hyundai Tucson маркалы көлігінде өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар жеткенге дейін көліктің қозғалтқыш бөлігі өртенді. құтқарушылармен 1,5 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсызда пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button