ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Абай аудандық полиция бөліміне 27 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны акция аясында өз еркімен тіркелмеген үш қару: 32 калибрлі ТОЗ-32 маркілі тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ маркілі тегіс ұңғылы мылтық және 5,6 калибрлі ТОЗ-8 маркілі ойық ұңғылы мылтықты тапсырды. Ер азамат бұлардың барлығы өзінің марқұм атасынан қалғанын айтты.
Барлық қару-жарақтың жағдайы жақсы және атуға жарамды. Төлемдердің алдын ала сомасы шамамен 280 000 теңгені құрайды.
Қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш құрылғылардың әрбір тапсырылған бірлігі үшін тиісті мөлшер белгіленген.
Ойық ұңғылы қару:
1 санат 50 АЕК – 153 150 теңге
2 санат 50 АЕК-тің 70% -ы – 107 205 теңге
3 санат 50 АЕК-тің 30 %-ы -45 945 теңге
Қысқа ұңғылы мылтық:
1 санат 40 АЕК – 122 520 теңге
2 санат 40 АЕК-тің 70% -ы – 85 764 теңге
3 санат 40 АЕК-тің 30 %-ы – 36 756 теңге
Тегіс ұңғылы мылтық:
1 санат 30 АЕК – 91 890 тенге
2 санат 30 АЕК-тің 70% -ы – 64 323 тенге
3 санат 30 АЕК-тің 30 %-ы – 27 567 тенге
Травматикалық қару:
1 санат 10 АЕК – 30 630 теңге
2 санат 10 АЕК-тің 70% -ы – 21 441 теңге
3 санат 10 АЕК-тің 30 %-ы – 9 189 теңге
Оқ-дәрілер:
5,6 мм Калибр АЕК 1/115 – 26,63 теңге
5,6 мм калибрден жоғары АЕК 1/35 – 87,51 теңге
2022 жылға АЕК 3 063 теңгені құрайды
Полиция департаментінде атап өткендей, акцияның үшінші күні азаматтардан 21 өтініш түсіп, 30 бірлік атыс қаруы қабылданған, оның ішінде 5 ойық және 25 тегіс ұңғылы. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.
Semeynews.kz