Ол өз сөзінде мемлекет басшысына Абай облысын құру туралы шешім қабылдағанына алғысын білдірді. Халық қалаулысы өңір жастарын толғандыратын мәселелер туралы айтты.
- Өкінішке орай, жастардың басым бөлігі мемлекеттік қолдау шаралары туралы біле бермейді. Осыған байланысты, жастарға көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлерін бір орталыққа шоғырландыруды және қалада жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін Жастар үйлерін ашуды ұсынамыз, – деп Еркебұлан Тұрсын ұсыныс жасады.
Сонымен қатар мәслихат депутаты жастарды тұрғын үймен қамтуға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуын айтып өтті.
- Біздің өңірде отбасы институты нығайып келе жатқаны қуантады. Сондықтан біз жеңілдетілген несиелер бойынша жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Абай жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз, – деп түйіндеді Еркебұлан Тұрсын.
Semeynews.kz