ҚазақстанҚоғамСпортТОП

Волейболдан Азия Чемпионаты: Шығысқазақстандық “Алтай” клубы тағы бір жеңіске қол жеткізді

Шығыс Қазақстанның "Алтай" волейбол клубы әйелдер арасындағы клубтық Азия-2022 чемпионатында екінші жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия-2022 Чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күнінде Шығыс Қазақстанның “Алтай” клубы 3:0 есебімен қырғызстандық «Kyrgyzstan VC» командасын ойсыраты жеңді. Бірінші таймда “Алтай” 25:9 есебімен, екінші таймда 25:5 есебімен, үшінші таймда 25:13 есебімен жеңді.

Осылайша, жарыстың екінші күнінде “Алтай” командасы турнирлік кестеде көш бастады. Екінші орынға ирандық «Barij Essence» командасы орналасса, үштікке Солтүстік Қазақстанның “Қуаныш” командасы жайғасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button