ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО
Өскеменде қоғамдық көлік бес жасар баланы қағып кетті
Алған дене жарақаттарынан бес жасар қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 21 ақпанда сағат 17:00 шамасында облыс орталығының Бажов көшесінде болған.
“Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Алған дене жарақаттарынан қыз бала оқиға орнында жан тапсырды”, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған баптың санкциясы: белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Semeynews.kz