ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстады.
“Тінту барысында ұсталған әйелдің тұрғылықты жері бойынша өсімдік тектес заты бар полимер пакет пен термос табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 687,57 грамм кептірілген марихуана есірткі құралы болып табылады.
Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Есірткінің шығу тегі анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 297-бабының 2-бөлігі – «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясымен 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген”, – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz