ҚоғамСемейТОП

Семей қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті

12 сәуірінде Семей қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті,деп хабарлайды Semeynews.kz.

Пленум барысында көпшілік дауыспен ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы лауазымына 75 жастағы Алин Мұратқазы Сейсенұлы сайланды.

Мұратқазы Сейсенұлы Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Семей педагогикалық институтының “Қазақ тілі мен әдебиеті” факультетін, 1978 жылы Алматы жоғары партия мектебінің журналистика факультетін бітірген. Педагог, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Мұратқазы Сейсенұлы әр жылдары Әмре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияны, облыстық телерадиокомпанияны басқарды.

Пленум жұмысына Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, ШҚО Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Назарова, сондай-ақ алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша Пленумның қаулысы қабылданып, қалалық ардагерлер кеңесінің ағымдағы ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button