555 беттен тұратын Құран кітабы 1977 жылы Ақшоқыдағы қорым қабырғасынан табылған. Кітапты музей қорына техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті, академик Құмар Бақдәулет Кәкімұлы табыстады.
- Мен Құран кітабын музей қорына табыстау үшін келдім. Бұл Құран кітабы Қазан қаласында жарық көрген және Ақшоқыдан табылды. Ол тарих үшін және халық үшін ерекше құндылық болып табылады, – деді Бақдәулет Құмар.
Енді Құран кітабы Абай музейінің қорында сақталатын болады.
Semeynews.kz