ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 2021 жылдың тамыз айында 51 жастағы жылқышы ауылдық округтердің бірінің шетінде орналасқан шаруа қожалығынан мал ұрлағанын анықтады.
Тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы өткен жылдың тамыз айында малды айдап әкелгеннін кейін «кеңестік ауыр жоба» тұқымды 6 айлық құлынының жоғалғаны анықталғанын айтты. Келтірілген шығын 400 000 теңгеден асты.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті анықталып, ұсталды, өз кінәсін мойындады. Жауап алу барысында күдікті өзі жұмыс істеген шаруа қожалығының құлынын ұрлау ойына келген. Ойындағысын іске асырған малшы жақын ауылдың бірінде тұратын өзінің танысын кездестіріп, «олжаны» 50 000 теңгеге сатып жіберген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 – бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz