Еске салайық, 2022 жылғы 12 сәуірде сағат 23:54-те қалалық полиция басқармасына 14 жасар Бейсенғали Ескендір Айқынұлының анасы баласының жоғалғанын хабарлаған болатын. Анасының айтуынша, бала сол күні сағат 20:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Баланы іздеу шараларына Семей қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеуге Ұлттық ұлан қызметкерлері мен ерікті тұлғалар қатысты.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеушілердің жұмыла атқарған іс-шараларының нәтижесінде 2022 жылғы 13 сәуірде 13:15 шамасында Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны А.Максуткан мен патрульдік полиция батальонының командирі, полиция капитаны Е.Бакытбеков баланы тауып алды.
Баланың денсаулығына ешқандай зиян келмеген күйінде анасына тапсырылды.
Semeynews.kz