«Мен бірқатар мемлекеттік қызметтерді немесе ұйымдарды орналастыру үшін бірқатар колледж ғимараттарын босатылады деген қауесеттерді естідім. Менің айтқым келетіні, бұл әзірше бос сөздер. Бірде бір мектеп, бірде бір колледж ғимараты босатылмайды. Бізде қалада бос орынжайлар көп. Бизнестің өзі орналастыру үшін 37 мың шаршы метр бос алаң бере алады. Біз болашақ Абай облысында құрылатын 96 ұйымды орналастыру үшін ауқымды шаршы метр қажет екенін жақсы білеміз», – деді Даниал Ахметов.
Бұған дейін жағдайға білім басқармасы түсіндірме беріп өткен болатын.
- Қазіргі уақытта, жаңа Абай облысының құрылуына байланысты білім басқармасымен Семейдегі колледждердің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізілді. Мониторингке байланысты осы қауесеттер басталды. Колледждерді жабы немесе оларды біріктіру мәселесі қарастырылмайды. Студенттер өздері таңдаған мамандықтары бойынша дипломдарын алады. Семейдегі барлық колледждер облыста ғана емес, республика көлемінде сұранысқа ие кадрларды дайындайды. Колледждерді жабу сұрағы қарастырылмайды. Студенттер мен ата-аналарына алаңдауға негіз жоқ екенін айтқым келеді, – деді кеше білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова.
Semeynews.kz