Жиналыс барысында өңір басшысы жаз айының ортасынан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылатынын хабарлады. Мердігер мекеме «Көркем Телеком» ЖШС, «Сергек» жобасының авторы Әсет Ахметов, жүйені 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарлануда екенін айтып өтті.
- Маусым айында жұмыстың басым бөлігін аяқтау жоспарлап отырмыз, бұл көше кешендері, жол кешендері және жалпы бейнебақылау камералары. Орнатылған кешендер қазір жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта бізде 12 жол кешендері орнатылған. Сервер және мәліметтерді өңдеу орталығы орналасатын орынжайға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Проблемалы жерлерге 74 жалпы бейнебақылау камералары орнатылды. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Сынақтық пайдалану қазірдің өзінде басталды, ол барлық бағдарламалық жасақтаманы жүз пайыз пайдалануға мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді Әсет Ахметов.
Өңір басшысы өз кезегінде жабаны жүзеге асырудың тиімділігін, сондай-ақ «Сергек» жүйесінің автобус маршруттары бағдарламасымен интеграциясының маңыздылығын атап өтті.
Semeynews.kz