Бұған дейін жаңадан құрылатын Абай облысының шенеуніктерін және түрлі күштік құрылым департаменттерін кәсіптік білім беретін оқу орындарына орналастыруға қарсылық акциясымен шыққан студенттер туралы хабарлаған болатынбыз.
Қала тұрғындары мемлекеттік органдарға қала орталығында орналасқан және мәдениет ескерткіш болып табылатын көне ғимараттарды беруді ұсынуда. Көне ғимараттардың көбі қазіргі уақытта қараусыз қалған немесе авариялық жағдайда. Олардың ішінде мал-дәрігерлік институтының және телеграф ғимараттары, сондай-ақ Найманбаев көшесіндегі көпес үйі бар.
“Оларға жөндеу жүргізіп, болашақ Абай облысында құрылатын басқармалар мен департаменттерге беру қажет. Осылайша біз екі бірдей мәселені шешеміз: көне ғимаратты қайта қалпына келтіреміз және шенеуніктердің “пәтер мәселесін” шешеміз”, – деп жазды @semey24 қолданушыларының бірі.
Семейліктің бұл идеясын барлық пайдаланушылар қолдады.
“Бұрынғы мал-дәрігерлік институтының ғимараты өте жақсы жағдайда. Барлығы қадам басар жерде”, – деп жазды пайдаланушылардың бірі.
“Өте керемет! Тарихи ғимараттарды қалпына келтіреді және бұл олардың қала мен облыс игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екендігін дәлелдейді”, – деп жазды енді бірі.
Semeynews.kz