Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);
- ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);
- жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);
- базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).
Құжатты “Ашық НҚА” порталынан табуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.
Semeynews.kz