ҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде тұраққа қою ережелерін бұзған үш көліктің иесі жазаланды

Семейде рұқсат етілмеген жерге көліктерін қойған үш көлік иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Герцен көшесі бойындағы газонға көліктерін қойған LEXUS көлігінің 39 жастағы жүргізушісіне және LADA 2114 көлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 597-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы күні дәл осындай бұзушылық бойынша TOYOTA маркалы көліктің 39 жастағы жүргізушісіне айыппұл салынды. Аталған көлік Шәкәрім даңғылы бойында рұқсат етілмеген жерге қойылған.

Аталған баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуді көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button