ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы операция нәтижесінде бірнеше күн ішінде елдің шығыс аймағында канабиоидты есірткіні әкелу мен сатуды ұйымдастырған 30-45 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталып, қамауға алынды.
Олардың екеуі «гашишті» Өскемен қаласына, ал қалған екеуі Зайсан ауданына жеткізіп отырғаны анықталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде шамамен 5 кг «гашиш», сондай-ақ есірткіні сатудан түскен ақша қаражатының үлкен сомасы тәркіленді.
«Барлық 4 күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, олардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сараланады, оның санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген ведомства хабарламасында.
Semeynews.kz