Қала тарихыҚоғамСемейТОП
Семейлік өлкетанушылар көне қыш ыдыс тапты
Семей өлкетанушылары құрбандыққа шалынған жануардық сүйектерін және көне қыш ыдыс тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы Марат Сасановтың айтуынша, Стеклянка ауылының тұсында құмды жер бар. Жергілікті тұрғындар шаруашылық қажеттіліктері үшін аталған жерден құм алады, нәтижесінде құмның беткі қабаты алынып, астынан құрбандыққа шалынған жылқының сүйектері және қыш ыдыс табылды.
Өкінішке орай ыдыс болды, бірақ өте жақсы сақталған. Өлкетанушылар қыш ыдыс тамақ сақтауға арналған деп санайды. Ыдыс нүкте сынды суреттермен безендірілген. Ыдысты өлкетанушылар шамамен біздің заманымыздың ІV ғасырына жатқызды.
Еске сала кетейік, осы демалыста «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері кезекті экспедицияға барды. Олар Қасиетті бұлаққа және Ертіс жағасына барып мамонттің тісін тапты.
Semeynews.kz