ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданы Речное кентіндегі Үбе өзенінде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріліп кетті. Соның салдарынан Абеуов көшесіндегі 2 тұрғын үй мен 3 үй маңындағы аумақты су басты.
«16 тұрғын, оның ішінде 2 бала көршілерінің үйлеріне орналастырылды. Сондай-ақ 24 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына жеке құрамнан 38 адам, 3 техника, 1 жүзу құралы және 7 мотопомпа жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері де тартылған», – делінген ақпаратта.
Ауылда барлығы 41 жер үй бар. Онда 104 адам тұрады. Халықты эвакуациялау қажет болған жағдайда Красноярск орта мектебінің ғимараты пайдаланылатын болады.
Semeynews.kz