Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайты жазды.
«2022 жылғы 8 сәуірде 10 сағат 35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған.
Бір вагон «КузбассТрансЦемент» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны «Каспий Цемент» ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан», – деп жазылған сайтта.
«ҚТЖ»ҰК» АҚ дерегі бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
«Жолаушы пойыздары мен жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себебі анықталуда», – деп жазылған ресми мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін 3 сәуірде Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып Ертіс өзеніне құлағанын және мырыштың шекті рұқсат етілген концентрациясынан 1,3 есе асқанын, сонымен қатар ағыстың төмен жағынан алынған сынамаларда мыс концентрациясының өсуі, ағыстың жоғарғы жағынан алынған үлгімен салыстырғанда 1,5 және 1,3 есеге артқанын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz