Биылғы жылы жолдарды жөндеуге 5млрд теңге бөлінді. Құны 139,8 мн теңгеге 15 оң бұрылыс орнату жоспарлануда.
- Қашықтығы 60,2 шақырымды құрайтын 62 көшенің орташа жөндеу жұмысына 3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын қаланың 38 көшесіне құм және қиыршық тас қоспасын себу арқылы грейдерлеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 200,0 млн теңге бөлінген. Шәйжүнісов көшесінен 6-Линия көшесіне дейін Өскемен көшесін кеңейтуге 1 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ жалпы аумағы 18843 шаршы метрді құрайтын 50 көшеге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, – деп мәлімдеді Дина Кәкенова.
Сонымен қатар брифинг барысында Абай мешітіне баратын оңтүстіктегі жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы биыл басталатыны айтылды. Жаяу жүргіншілер өткелі автомобильдердің өткізу қабілетін арттырып, жол жүктемесін азайтады және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Semeynews.kz