ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

ШҚО-да мектептердің бірінде бұрыш қоспасы бар спрейін шашқан

Өскемендегі № 5 мектепке 9-сынып оқушысы бұрыш қоспасы бар спрейді шашқан, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 сәуірде орын алған. Қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына № 5 мектеп әкімшілігі қоңырау шалып, 2006 жылғы оқушы дене шынықтыру сабағы барысында киім ауыстыратын бөлмеде бұрыс қоспасы бар спрейді шашқанын хабарлаған.

Полиция қызметкерлерімен аталған бұрыш қоспасы бар спрейді оқушының сыныптасы шашқанын анықтады. Оқушының түсіндіруі бойынша, ол қаланың шалғай ауданында тұруына байланысты өз қауіпсіздігі үшін бұрыш қоспасы бар спрейді үнемі өзімен бірге алып жүреді. Дене шынықтыру сабағында, спорттық залдың киім ауыстыру бөлмесінде болған кезде қалтасындағы спрейді портфеліне салмақ болған, алайда оны сыныптасы байқап қалып, көрсетуін сұраған. Қолына алып абайсызда тетікшесін басып алған, осылайша спрей ішіндегі газ бөлмеге шашылған.

Спрейді шашқан оқушыға қатысты ҚР ӘҚК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мектеп әкімшілігінде хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ, оқушылардың барлығы үйлеріне жіберілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button