ҚоғамСемейТОП

Семейде Әлихан Бөкейхан университетінде Жандос Жағалбаев аудидориясы ашылды

Әлихан Бөкейхан Университетінің Әскери кафедрасында қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҰҚҚ шекара әскерінің капитаны Жандос Жағалбаевтың есімімен аталған аудитория салтанатты түрді ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Университетін 2017 жылы “Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол сондай-ақ университеттің Әскери кафедрасының түлегі. Алматы қаласында 7 қаңтар күні ҰҚҚ академиясын лаңкестер шабуылынан қорғау кезінде ерлікпен қаза тапты.

Бұған дейін Университеттің Ғылыми кеңесінің 2022 ж. 11 қаңтардағы шешімімен Жандос Жағалбаевтың ерлігіне құрмет ретінде Әскери кафедрада жауынгер атындағы арнайы аудитория ашу туралы бастама көтерілген еді.

Аудиторияның салтанатты ашылуына Жандос Мұхтарұлының ата-анасы, қарындасы мен туыстары, университет басшылығы мен профессор оқытушылар құрамы, сондай ақ шақырылған қонақтар – Шығыс әскери қолбасшылығының, ҰҚҚ шекара әскерінің, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, ауған соғысының ардегерлері, Жандостың курстастары, мұғалімдері мен университет студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудиторияға Жандос Мұхтарұлының наградалары, әскери формасы мен фотосуреттері, жеке заттары қойылды.

Аудиторияның ашылу салтанатына қатысқан студенттер жауынгерді бір минут үнсіздікпен еске алып, оның ата-анасына салтанатты марш арқылы құрмет көрсетті. Университет ректоры мен сөз алған қонақтар да Жандос Мұхтарұлының әке-шешесіне патриот, әрі нағыз Ер азамат тәрбиелегендерді үшін алғыстарын білдірді. Әскери кафедра басшылығы “Әскери кафедраның құрылғанына 5 жыл” естелік медалін табыстады.

Іс шараға қатысқан меймандар аудиторияның ашылу салтанатына жас ұрпақты еліне адал, сертіне берік азаматтар ретінде тәрбиелеуге үлкен үлес қосатын шара ретінде баға берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button