ҚоғамСемейТОП

Семейде жаңартылған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Отырыста қоғамдық кеңестің төрағасы және президиум мүшелері сайланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Семей қалалық мәслихатының шешімімен қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілген болатын. Бүгін, Семей қалалық әкімдігінде жаңартылған қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, қоғамдық кеңестің төрағасы және президиум мүшелері сайланды.

Жаңа қоғамдық кеңестің төрағасы болып билер кеңесінің төрағасы Шаған Жұмақсанов сайланды. Призидиум құрамына «Семей инжиниринг» АҚ әкімшілік-құқықтық басқармасының бастығы Тілеуқабақ Құсайынов, аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев және «Ауыл» партиясының мүшесі, «Восточный гусь» шаруа қожалығының директоры Радик Сайфутдинов кірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button