Жәрмеңкеге 300-ге жуық жұмыс іздеуші қатысты, олардың қатарында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар, жоғарғы оқу орындарының және колледждердің студенттері, NEET санатындағы жастар, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан, ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына байланысты рақымшылық жарияланған тұлғалар, алиментшілер, аз қамтылған және басқа да санаттағы азаматтар бар. Бұл күні қаладағы 30 кәсіпорын мен мекеме бос орындарды ұсынды, олар: «Объединенная Энергосервисная компания» АҚ, «БАСТ» Бөрлі кеніші, «Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ӨК, «Семей құрылыс материалдары», «Daewoo Bus Kazakhstan», «СемАЗ», «Прииртыш бройлер құс фабрикасы», «Шығыс бройлер», «Семей сервис компаниясы», «Олжас», «Сәт транс», «Фирма Азия», «Роза ВВК», «Kondiz», «Семспецснаб», «Зеленстрой», «Семей тазалық» жолдастығы шектеулі серіктестіктері және басқа да кәсіпорындар мен колледждер.
- Бүгін біз бос орындар жәрмеңкесіне қызметкерлер іріктеп алу мақсатында қатысып отырмыз. Бізге, «Семей тазалық» ЖШС-ға жұмыс тәжірибесі бар заңгер, жүк тиеушілер, қоқыс көлігінің жүргізуші және оператор қажет. Бұл жұмыстар қоқыс шығарудан клиентке қызмет көрсетуге дейін. Әлеуетті қызметкер, бірінші кезекте сыпайы болуы керек. Біз жүздесулер өткізудеміз. Жастарына байланысты шектеулер жоқ, – деді «Семей тазалық» ЖШС кадрлар бөлімінің өкілі Айзада Мұратова.
Барлығы жұмыс берушілермен 400-ге жуық бос орындар ұсынылды. Олардың 180-ге жуығы жұмысшылар және 200-ге жуығы мамандық иелерінің вакансиялары.
- Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарды, қоғамдық-төленетін жұмыстар, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты, күміс дәуір, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 ұлттық жобасы шеңберінде одан кейін жұмыспен қамту мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстардан өту ұсынылады. Бүгін жәрмеңкеге қатысушыларға слайдтар мен буклеттер көрсетілді. Вакансиялар жәрмеңкесінің арқасында адамдар лайықты жалақысы бар жұмысты табады деп үміттенеміз, – деді халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Дайырова.
Сонымен қатар жәрмеңкеге қатысушылар жұмыспен қамту орталығының мамандарынан әлеуметтік мекенжай көмегін алу, тұрғын үй көмегін және жеңілдетілген несиелер алу мәселелері бойынша кеңестер алды.
Semeynews.kz