ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айының соңында «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұсталды. Ұсталған азаматты тінту барысында оның күртешесінің қалтасынан өсімдік тектес зат салынған түйіншек табылып, тәркіленді.
Сараптама көрсеткендей, табылған зат жалпы салмағы 11,28 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясымен 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.
Semeynews.kz