ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында Бородулиха АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде 5 айдан астам уақыт іздестіріліп жатқан 25 жастағы қылмыскер ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, ол өзінің досымен бірге 2021 жылғы 4 қарашада Семей қаласының көшелерінің бірінде жүргенде «Шевроле» маркалы автокөлігінің алдыңғы жолаушы терезесін сындырып, оған заңсыз кіріп, сол жерден иесінің мүлкін ұрлап, осылайша 52 000 теңге шығын келтірген. Бастаған ісін істеп, қаскүнем ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынған.
Қазіргі уақытта күдікті ШҚО ПД Семей қ. ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Semeynews.kz