
Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алды. Полицияға ақпарат таңғы сағат 08:59 минутта келіп түсті.
1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан қаза тапты. Оған аң аулайтын мылтықтан оқ атқан.
«Бұл қылмыстың бірден ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Semeynews.kz