
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының басында Семей қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі құралдарын заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Аягөз қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Оның пәтерін кідіріссіз тінту барысында перденің артына жасырылған жасыл түсті сөмке табылды, оның ішінен ерекше иісі өсімдік тектес зат бар полиэтилен пакет болған.
Сараптама қортындысы, тәркіленген зат «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігін көрсетті. Оның жалпы салмағы шамамен 10 келіні құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz