ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 наурызында Семей қаласының Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы «Радуга» сауда үйі ауданында жас жігіттің мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен.
Қоңырауға жедел әрекет жасаған Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолында телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы семейлік жасөспірімді ұстады.
“Тексеру барысында жас жігіт екі күн бұрын тойлаған туған күніне орай ата-анасы берген ақшаға кварталдағы дүкендердің бірінен ойыншық қару сатып алғанын айтты. Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды”, – делінген ведомство ақпаратында.
Semeynews.kz