ҚоғамСемейТОП

Семейде 2 сәуірде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге Бородулиха және Бесқарағай аудандарының өнімдері әкелінеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында 2022 жылғы 2 сәуірде «Северный» сауда логистикалық орталығында Бородулиха ауданының және «Jolaman» көтерме сауда орталығында Бесқарағай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Осы жәрмеңкелерде барлық ауыл шаруашылығы өнімдері ет өнімінің барлық түрлері, көкөніс, сүт, шұжық өнімдері, нарықтық бағадан төмен, делдалсыз қол жетімді бағамен саудаға шығарылады.

Қала тұрғындарын, қала қонақтарын және кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметкерлерін қажетті өнімдерді сатып алуға және Семей қаласының азық-түлік өнімдерін өндірушілерді осы жәрмеңкелерде өз өнімдерін ұсыну үшін белсенді қатысуын сұраймыз.

Сіздерді делдалсыз қол жетімді бағада сапалы өнімдер күтуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button