ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-дағы 482 ауылда интернет жылдамдығы баяу

Шығыс Қазақстан облысындағы 482 ауылда интернет жылдамдығы баяу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов цифрландыру және IT-технологияларды дамыту мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Бірінші кезекте елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жайы сөз етілді.

«Осы бағыт бойынша қолданыстағы республикалық жол картасынан басқа, 2022 жылдың қаңтарында өзіміздің арнайы бағдарламамызды әзірледік. Бүгінгі таңда 683 ауыл интернетке қосылған. Алайда оның ішінде жылдамдығы секундына 8 мбиттен жоғары 201-і ғана. Өзге елді мекендерде ғаламтор жылдамдығы 5 мбиттен аспайды», – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, қалалар мен аудандардың әкімдері әрбір елді мекеннің атауы және интернеттің шекті жылдамдығы көрсетілген карта жасауы тиіс.

«250+» бағдарламасы аясында ұялы операторлар ауылдарды мобильді интернетпен қамтамасыз етуге дайын. Бізден 58 антенна-діңгек құрылысын орнату талап етіледі. Жергілікті атқарушы органдарға 10 күн ішінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырдым», – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, өңір бойынша 103 елді мекенде интернет мүлде тартылмаған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button