Ораза айт 2 мамырда атап өтіледі, Қадыр түні – 28 сәуірге қараған түні. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы айтып берді.
- Өкінішке орай, соңғы екі жылда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты біз мешітіміздің есігін жамағатымызға аша алмадық. Барлық іс-шаралар онлайн форматында өтті. Биылғы жылы, жағдай тұрақтанғанда, Рамазан айы дәстүрлі форматты өтетін болды, – деп жеткізді Асқар Әбітайұлы.
Биылғы жылы пітір-садақаның көлемі – 500 теңге.
– Бізде пітір-садақаның көлемі екі келі бидайдың (ұн, жарма және т.б.) бағасымен есептеледі. Қазір екі келі ұнның бағасы республика бойынша 500 теңгені құрайды. Міне сондықтан биылғы жылы пітір-садақаның құны 500 теңгені құрайды, – деді өңірдің бас имамы.
Сонымен қатар бас имам кәсіпкерлерден азық-түлік бағасын көтермеуді сұрады және қымбат өнімдерді сатып ала алмайтын адамдарға көңіл бөліп және жомарт болуға шақырды.
Semeynews.kz