Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.
– Тәулікбойғы стационарларда 143 мың науқас ем қабылдады, күндізгі стационарда 70 мың, сондай-ақ медициналық көмек көрсету стационар бөлімшелерінің қабылдауларында шамамен 165 мың науқасқа көмек көрсетілді. Аталған бағыт бойынша өсу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 25%-ы құрады, – деп хабарлады Ғалымжан Әбілов.
Сонымен қатар қордың директоры тұрғындар үшін жекелеген медициналық көмек түрлері бойынша тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты аймақтық айырмашылықтарын айтып өтті.
– Мысалға, емханаға бару, 100 мың тұрғын есебімен есептегенде орташа 320 мың шамасында, бұл тікелей амбулаторлық деңгейде консультативті-диагностикалық көмектің қолжетімділігіне әсерін тигізеді. КТ/МРТ сынды қымбат қызметтерге қолжетімділік бойынша, қызмет көрсетудің саны саны 82 мыңнан асады, – деп түйіндеді Ғалымжан Әбілов.
Semeynews.kz