ҚоғамСемейТОП

Семейде “Сергек” камералары орнатылуда

"Семей қаласында фото-, бейнетіркеу жүйесін құру және пайдалану" жобасына сәйкес 40 қиылыста және 74 желілік учаскеде 1551 камера жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

687 жалпы бейнебақылау камералары және қолданыстағы 88 (65 камера – білім беру объектілерінде) камералар осы жүйеге интеграцияланатын болады.

Бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары 23 наурызда басталды. Бұған дейін Семей қаласында Өскемен қаласының ахуалдық орталығында бейнені көрсететіндей 10 локацияда 20 камера орнатылған. Байланыс арнасын ұйымдастыруды, жабдықтарды жеткізу мен монтаждауды ағымдағы жылдың 15 мамырында аяқтау жоспарлануда (тәжірибелік пайдалану кезеңі).

Қазіргі таңда, «Көркем Телеком» ЖШС ұйымы қаржылық қажеттіліктерді жабу, банк кредиттерін алу кезеңдерін және жеткізушілермен алдын ала шарттар жасасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button