ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддер қаласында Семенов көшесі бойындағы 3 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерде төсек жабындылары және жеке заттары өртенген. Құтқарушылармен 9 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – шылым шегуде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Осы күндері Семей қаласында көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, пәтерлер арасындағы қабырға және төбе жабындысы өртенген. 10 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды. Алданы ала болжам бойынша – пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Үшінші оқиға Өскемен қаласындағы Ахмер кентінде орын алды. Бұл жерде жеке тұрған жер үй ауласындағы моншаның төбе жабындысының ағаш құрылымдары өртенген. 16 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Дәл осындай себептермен Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында Жамбыл көшесінде орналасқан жер үйде өрт болды. Үйдің төбе жабындысы, есік және терезе блоктары өртеніп кетті. Құтқарушылар 150 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Осы себептер бойынша тағы екі оқиға тіркелді. Өскемен қаласында Дробышев көшесіндегі жер үй ауласындағы моншаның төбе жабындысы, жеке заттары өртенді. Құтқарушылармен 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Келесі оқиға Алтай ауданындағы Чапаев ауылында болды. Бұл жерде моншаның шаруашылық құрылысы мен тауық қорасы өртеніп кетті.
Пешті дұрыс пайдаланбау себептерімен Семейде жер үйдің төбесі, есік және терезе блоктары, жеке заттары мен тұрмыстық техникалары өртенді. 70 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Өскемен қаласында Қазақстан көшесі бойында 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас әзірлейтін орынжайындағы жиһаздардың ағаш бөліктері, тұрмыстық техникалары, пластикалық терезесі өртенді. Өрттің жалпы аумағы – 5 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Тура осындай себептермен Семейде жер үй ауласында жеке тұрған көкөніс киоскісі іргесінің ағаш бөліктері өртенді. Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Көкпекті ауданында жеке тұрған дүкеннің төбе жабындысы, сондай-ақ дүкен ішіндегі азық-түлік және құрылыс материалдары өртенді. Құтқарушылармен 100 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – пешті орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Semeynews.kz