ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 наурызда құтқарушылар Риддер қаласының тұрғынын гараждағы жертөледен алып шықты. Ол бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
«Сол күні Өскемендегі Космическая көшесінде тұратын әйел адам хабарласып, көмек сұрады. Ол ісінген саусағынан сақинаны шеше алмаған. ТЖД қызметкерлері тұрғынға көмектесті», – делінген ақпаратта.
21 наурызда Өскемен қаласындағы Протозанов көшесінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Құтқарушылар гараждың қақпасын арнайы құралмен ашып, азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Сол күні Семейде кішкентай баланың ата-анасы «112» қызметі қоңырау шалды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар баланың қысылып қалған саусағын пластикалық қақпақтан шығарды.
Сондай-ақ департамент қызметкерлері осы күндері құлыпталып қалған есіктерді ашуға көмек көрсетті.
Semeynews.kz