
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддерде құтқарушыларға хабарласқан әйел адам Спортивная көшесіндегі гараждың жертөлесіне күйеуінің құлап кеткенін айтып, көмек сұрады.
«Оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар ер адамды жертөледен арқанмен шығарып алды. Дене жарақатын алған азамат бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертті.
Semeynews.kz