Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 17 наурызда сағат 18:30 шамасында орын алған. 34 жастағы жол талғамайтын «TOYOTA» маркалы көлігінің жүргізушісі Қарауыл ауылы бағытынан Семейге келе жатып, айналма жолға шығар жерде көлік құралын басқара алмай бетон құрылымына соғылған. Нәтижесінде көлік аударылған.
Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz