Семейде 14 және 23 наурыз аралығында Наурыз мерекесін атап өту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда 200-ден астам іс-шара қарастырылған.
Қаладағы Арбатта мерекелік шаралар өтіп, қала маңыдағы бұлақтарды тазарту бойынша «Таза табиғат» акциясы, экологиялық сағат және тағы сол сияқты бірқатар шаралар жоспарлануда. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балаларын мекенжайлары бойынша құттықтау, қайырымдылық концерттері өтеді. Ф.М.Достоевский музейінде Бейімдеу орталығындағы балалар үшін мастер-класс және балалар концерті ұйымдастырылады.
22 наурызда қаланың бес ауданында жиырмаға жуық киіз үйлер тігіледі, олар – орталық алаңда 9 киіз үй, М.Әуезов атындағы алаңда және «Көктем» базарының, «Силикат» ЖШС және теміржол бекеті алаңдарында әр қайсысында үш қкиіз үйден тігіледі. Сонымен қатар, мереке күні Достық үйінде «Достық дастарханы» ұйымдастырылады, Арбатта «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмесі өтеді.
Semeynews.kz