ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Өскеменде Тоғас-Аязбаев көшелерінің қиылысында Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің көлігін тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ бірнеше қап әртүрлі балық анықталған. Оның айтуынша, балықты Жарма ауданынан әкеле жатқан.
Қаптарда 905 келі көксерке, салмағы 30 келі шортан, 29 келі сазан, 119 келі табан және 30 келі торта балығы анықталды. Балықтың жалпы салмағы 1 113 кг құрады.
– Қазіргі уақытта азаматқа қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 – бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,- делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz